Ауа-райы: Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

«ҚазГидрометтің» xабарлауынша, кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі. Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерін тұман басып, көктайғақ болады.

Күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, желдің күші 15-20 м/с артады. Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумағында түнде көктайғақ күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Түнде Алматы облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Алматы облысының кей жерлерін тұман басады.