Басты бетЖаңалықтарӘйелдер ажырасуға...

Әйелдер ажырасуға өтінішті бірінші болып береді. Ажырасудың басты себебі неде?

Мичиган университетінің ғалымдары 16 жыл бойы 355 отбасылық жұпты зерттеген. Әрқайсысынан бірнеше рет: отбасылық өмірдің басында, екінші, үшінші, төртінші айында, содан кейін жетінші айында және 16 жылына дейін сұхбат алған.

Күйеулеріне қарағанда әйелдер қарым-қатынастың тым күрделі, ауыр екеніне шағымданған. Ерлері қарым-қатынасына көңілі толмайтынын айтпаған кездерде де, әйелдер наразылығын бірден жайып салған. Мұндай жағдайдан кейін көбінесе әйелдер ажырасуға өтінішті бірінші болып береді екен. Оған себеп — отбасында ер адамдардың мінезін өзгерткісі келмей, қарым-қатынасын сақтап қалуға тырыспауы.

Ғалымдардың зерттеу жүргізген 16 жылдың ішінде 40 жұп ажырасқан.

ДереккөзBaq.kz