Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Көкшетауда «Тіл дарын» байқауының жеңімпаздары анықталды

© Ақмола облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі

Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді. Аталмыш жобада балалар өздерінің тәжірибелік, зерттеушілік, аналитикалық, тарихи және өнертапқыштық бағыттағы шығармашылық жобаларын ұсынды.

Облыстық білім басқармасының жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» КММ-і ұйымдастырған шараға облыстың барлық өңірінен жалпы 136 оқушы қатысты. Оның ішінде 58 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Соның бірі Зеренді ауданындағы Абай атындағы орта мектептің оқушысы Руслан Нимиткин жарыс жеңімпазы атанды.

«Бірінші орын иеленіп, 110 мың теңге ақшалай сертификатын қанжығама байлағаныма өте қуаныштымын. Мен қазақ тілін қызыға оқимын! Қазақстанда туғаныма да мақтанамын!»,- деп атап өтті жарыс жеңімпазы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *