Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Qazaqstan» ТРК-ға қарасты 14 арнаның атауы өзгереді

©Kazinform.kz

Бұл туралы «Qazaqstan» РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин айтып берді.

«Бүгін «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының құрамына кіретін 14 аймақтық телеарналардың эфирінде ауқымды өзгерістер басталды. Мәселен, «Қазақстан — Қарағанды», «Қазақстан – Қызылорда», «Қазақстан – Павлодар», «Қазақстан – Петропавл» т.б деп аталса, енді «Saryarqa», «Qyzylorda», «Ertis», «Qyzyljar» болып өзгереді. Әр аймақтың бұрыннан келе жатқан тарихи жер-су атаулары мен өңірлердің қалыптасқан атаулары негізге алынды. Ребрендингтің басты мақсаты- корпорацияға қарасты аймақтық телеарналарға жаңа серпіліс беріп, заман талабына сай даму жолдарын қарастырып, сапалы,интеллектуалды бағдарламалардың санын арттыру»,-деді ол. 

Айта кетейік, осы жылдың 28 тамызында корпорацияның жаңа телевизиялық маусымы аясында «Qazaqstan», «Balapan», «Qazsport» телеарналары еліміздің мемлекеттік туы түстес ортақ логотиппен бекітіліп, жаңа форматта шыққан болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *