28 қазанға арналған ауа райының болжамы

Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады және желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Атырау, Жамбыл облыстарының бірқатар аудандарында тұман түсіп, жел 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 минут болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында көктайғақ болып, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін жүйткиді.

Ақмола облысында түнде бірқатар жерлерде боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Қарағанды облысының кей аймақтарында боран соғып, түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, таң ата түман түседі.

Павлодар облысында түнде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.