Көкшетауда ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті

Аталған шараның жабылу салтанатына қатысқан қала әкiмiнiң орынбасары Алтынай Әмiренова жеңiмпаздарға қала басшысының атынан сый-сыяпат жасады.

Жыл сайын өткiзiлетiн дәстүрлi спорттық бұл шараға осы жолы 26 ардагер қатысты. Олардың бәрi де көптен берi шахмат пен дойбы ойнап, ысылған кәнiгi үмiткерлер. Арасында жетi бiрдей спорт шеберлiгiне кандидаттар да бар.

Сонымен шаршы тақтадағы тартыс-ты ойын нәтижесi бойынша Сәбит Убышев, Алпыс Жұрын, Сәкен Тәңiрқұлов, Серiк Құрманғожин, Абай Кәмелдинов, Тасжан Тайлақов жеңiмпаз атанды. Жүлдегерлердiң алтау болу себебi турнирге қатысушылардың санына байланысты ұйғарылды.

Сонымен бiрге төрешiлер алқасының шешiмiмен Сайлау Көшкенұлына «Жеңiске деген құштарлық» жүлдесi берiлдi. Марапаттау рәсiмiн қорытындылай келе, қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Шияп Әлиев турнирге қатысушылардың бәрiне алғысын бiлдiрiп, спорттық-сауықтыру шаралары алдағы уақытта да үзбей өткiзiлетiндiгiн айтты.