Жұлдызды жұптардың тыныс-тіршілігі баяндалатын телехикая түсіріліп жатыр

Бұл телехикаяда Құдайбергеновтер отбасындағы қызықты жайттар мен  қиындықтары туралы баяндалады. Оқиға басты кейіпкерлердің үш ұлы мен келіндері арасында өрбиді. Ұлдарының жеке тұруына үнемі қарсы болатын отағасы Қанат Құдайбергенов  шаңырағында әскери тәртіп болғанын қалайды.

Фильмнің режиссері Әнуар Матжанов комедиядағы негізгі кейіпкер туралы айтып берді.

«Кинокартинадағы басты кейіпкер Арман Лондонда оқып келеді. Әуежайда шетелден келген қызбен сөмкесін ауыстырып алған. Ол қыз қазақша түсінбейді. Сонымен, үйде қызық жағдай болады. Телехикаяның экранға қашан шығатыны әзірге белгісіз», — деді режиссер.

Айта кетейік, фильмнің ерекшелігі – басты рөлдерді тек қана жұлдызды жұптар ойнайды және олардың өмірдегі шынайы тұрмыс-тіршілігі көрсетіледі.

Дереккөз24.kz