Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Көкшетаулық ардагерлер өнерлерін ортаға салды

Концерттік бағдарламада Егіндікөл ауданының «Әжелер», Еңбекшілдер ауданының «Ақ жаулық» вокалды ансамбльдері мен «Көкшетау» халықтық би ансамблінің орта тобы сияқты облыстың əр өңірінен келген шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

«Туған жер» әнін орындаған Степногорск қаласынан келген белгілі әнші Насиполла Назарұлының, Р.Гамзатовтың «Журавли» әнін орындаған Аршалы ауданының әншісі Гросс Лукьянның айрықша әуезді үндері көпшілікті тәнті етті.

Қорғалжын ауданынан келген «Ретро» вокалды-аспаптар ансамблі халық әні «Құдашаны» орындаған сәтте самайларын ақ қырау шалған ардагерлер шалқыған ән лебімен бірге тербеліп, жастық шақтарын еске алысты. Концерт барысында Есіл ауданының Свободное селосының ардагерлер клубы хоры, Ақкөл ауданынан келген «Ақкөл сазы» фольклорлық ансамблі, Көкшетау қалалық «Достар» мәдениет сарайы жанындағы «Сударушки» халықтық-фольклорлық вокалды ансамблі тамаша өнер көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *