Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанмен шекарадағы кезектің себебін түсіндірді

«Біз салық үлесі бойынша келетін зиян мөлшерін азайтып, контрабанда деңгейін төмендеткіміз келеді. Қазақстанның бұдан басқа көздеп отырған еш мақсаты жоқ. Бұл одақтағы басқа әріптестерімізге де қатысты. Біз Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы жол картасын әзірлеп жатырмыз», — деді Бақытжан Сағынтаев.

Ол Қытайдан ЕАЭО елдеріне тауар жеткізуге қатысты жағдайға қысқаша шолу жасады. Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев жан басына шаққандағы халықтық тұтыну тауарларын (киім-кешек пен аяқ киім) әкелу ақылға қонымсыз жүргізілетінін атап өтті. Мәселен, Қазақстанға қарағанда Қырғызстанға киім-кешек 65 есе, ал Ресейге қарағанда 43 есе көп жеткізіледі.

Қырғыз Премьер-министрі Сапар Исақов қырғыз тарапы жеке мәлімдеме жасайтынын атап өтті.

«Біздің де айтатын жайттарымыз бар. Бірнеше шақырымға созылған кезек тек Қырғызстан азаматтарының ғана емес, Қазақстанның да және үшінші елдер азаматтарының да наразылығын туғызуда», — деді ол.

ДереккөзBaq.kz