«Бұрын Альцгеймер ауруын оның алғашқы белгілері пайда бола бастағанда ғана анықтайтын. Біздің технология оны белгілері пайда болмай тұрып анықтай алады»,- дейді жоба жетекшісі, Сеул ұлттық университетінің профессоры Мук Ин Хи.
Жаңа жоба магниттік-резонанстық томография (МРТ) мен позитронды-эмиссионды томографияларынан (ПЭТ) арзанға түседі, бірақ нәтижені бірдей шығарады. Ғалымдардың жүргізген тәжірибесінде қан тапсырушылардың 90%-ның нәтижесі МРТ нәтижесімен бірдей болып шыққан.
Жобаның патенті Оңтүстік Кореядағы Medifron DBT компаниясына 112,5 долларға сатылды.
Альцгеймер ауруы — мидың қызметін жоғалтуы. Ол есте сақтауға, ойлауға және мінез-құлыққа әсер етеді. Ғалымдар әлі күнге дейін оның неден пайда болатынын білмейді, тек «ми терісіне амилоидті бета-протеинді түйіндердің өсуінен болуы мүмкін» деген болжам ғана бар.