Талдықорғанда «Жетісу Кубогы» халықаралық бокс турнирі басталды

«Жастар» спорт сарайындағы шаршы алаңға еліміздің жас былғары қолғап шеберлерімен қатар Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия және Қырғызстанның спортшылары да шығады.

Айтулы додаға 200-дей үміткер қатысып жатыр. Халықаралық бокс бәсекесі алты күнге созылады.

Ғалым Кенжебаев, Бокстан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері: Ендігі жылы сәуір айында Азия чемпионаты болады. Тайландта Әлем чемпионаты, Аргентинада жастар арасында Олимпиада ойындары болады. Сол жарыстарда көзге түскен боксшылар және жеңіп шыққандар ары қарай өзінің мықтылығын дәлелдеуі керек. Қазақстан чемпионаты болады. Соның барлығынан өткен боксшылар үлкен жарыстарға қатысады.

Дереккөз24.kz