25 қазан: еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

25 қазан күні батыста, оңтүстікте ғана ауа райы жауын-шашынсыз.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстік бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.

Қостанай, Қарағанды облысының түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын болады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан түнде, күндіз Атырау облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады.