ЕАЭО үкімет басшыларының отырысында қырғыз-қазақ шекара мәселесі талқыланады

Екі ел басшыларының кездесетіні жайында ақпаратты Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов та, Қырғызстан үкіметініғ баспасөз қызметі де растап отыр.

Кездесу барысында екіжақты экономикалық ынтымақтастық, оның ішінде шекара, көлік, фитосанитарлы және мал дәрігерлік бақылау, кеден мәселелері және ЕАЭО пен ДСҰ ережелері талқыланбақ.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қазанда Астанада өткен екі елдің премьер-министрлерінің кездесуі кезінде ортақ «жол картасын» әзірлеуге байланысты жұмыс тобы құрылған болатын.

ДереккөзCentralasian.org