KASE: Доллар бағамы арзандады

Дүйсенбі күнгі сауда-саттыққа қарағанда доллар бағамы 0,51 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 335,25 теңге деңгейінде болса, ең жоғары бағам 336 теңгені көрсеткен.

Сауда көлемі 42,9 млн доллар болды. Айта кетейік, 23 қазанда доллардың бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 335,95 теңге, күндізгі сессияда 336,12 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 336,05 теңге болған.