Ауа райы: алдағы үш күнде қар жауады

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр және қар жауады. Солтүстік пен шығыс облыстарда да қар жауып, желдің күші 23-28 м/с-қа жетіп, кейбір жерлерде боран болады. Осы аймақтарда көктайғақ күтіледі.

Алдағы бірнеше күнде еліміздің оңтүстігінде, 25 қазан күні оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады. Қазірдің өзінде таулы аймақтарда жаңбыр мен қар жауып жатыр

Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы төмендеп, климаттық нормадан 3-5º С төмен болды.