Әдебиетші ғалым Тұрсынбек Кәкішевке арналған дәрісхана ашылды

Шараға Тұрсынбек Кәкішұлының шәкірттері, елімізге белгілі ғалымдар мен ұстаздар, әдебиетшілер және студенттер қатысты. Салтанатты шараның кіріспесін Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин ашып берді.
Одан кейін ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхаметқали Мырзабайұлы Бүркітбаев, химия ғылымдарының докторы, професор ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Зұлқайыр Мансұров және т.б. құттықтады.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар Дербісәлі Тұрсынбек Кәкішұлымен бірге қызметтес болған жастық шағын еске алып, жылы естеліктерімен бөлісті.

Тұрсынбек Кәкішев

Дәрісхананы Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин, Стамбулдағы Мимар Синан университетінің профессоры Әбдіуақап Қара, ҚазҰУ проректоры Нығметқалы Мырзабайұлы және Ерейментау ауданының әкімі Ермек Нұғыманов ашты.

Айта кетейік, дәрісханада Тұрсынбек Кәкішұлының бірнеше еңбектері, суреттері қойылған.

ДереккөзMassaget.kz