Сұранысқа ие мамандық

Заң факультеті күрделі ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шеше алатын ғылыми ұжымға ие. Бүгінде Заң факультетіне 62 жыл. Осы жылдар аралығында (прокуратура, сот, адвокат, заңгер т.б) құқық саласындағы қызметкерлерді дайындады. Қазіргі таңда Заң факультетінде 4 кафедра жұмыс істейді.

  • 1) Мемлекет және құқық теориясы және тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы
  • 2) Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы
  • 3) Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы
  • 4) Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы.

Әр кафедра жаңа заманға сай технологиялар және арнайы жабдықтармен қамтылған. Факультетте студенттердің толық ғылыммен айналысуға мүмкіндік жасалған.

Әлемнің жеті университетімен «қос дипломды» білім беру жүйесін жүзеге асырса (Шыңжаң педагогикалық университеті, Қытай; Колумбия университеті; Таррагос университеті, Испания; Дубайдағы Американдық университет, БАӘ; С.В.Климент Охридский атындағы София университеті, Болгария; Висмар қаласының университеті, Германия; Варминско-Мазур университеті, Польша), тоғыз университетімен ғылым мен иновация саласында ынтымақтастық келісімде (Тукуров университеті, Түркия Республикасы; Конкорд Халықаралық Академиясы, Франция; Мемлекет және құқық институты; Сот сараптамасы институты; Иордан университеті; Познан ғылым академиясының Познан зан ғылымдар институтының адам құқықтары жөніндегі орталығы; «Adam Marszalek Publishing House» баспа үйі; Стамбул мемлекеттік университеті; Макс Планк атындағы Институты, Германия).

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінде отызға жуық докторлар мен профессорлар және сексенге жуық ғылым кандидаттары мен доценттер, 12 PhD  докторлары қызмет етеді. Құқық қорғау органдарының тәжірибелі мамандары арнайы келіп дәріс оқиды.  Жыл сайын факультеттің 15-ке жуық ғалымдары мен оқытушылары Еуропа, АҚШ, Түркия сынды елдердің университеттері мен ғылым орталықтарында  ғылыми тәжірбиесінен өтеді.   Атап айтқанда, Лондон қаласындағы Cass Business school, Бавария қаласындағы Мюнхен Құқық Университеті, Душанбе қаласындағы Тәжік Ұлттық Университеті, Рим қаласындағы Ла Сапиенса атындағы Рим Университеті, Станбул қаласындағы Қазіргі заман Құқық Университетін атап өткен жөн.

Соңғы бес жыл ішінде профессорлар мен оқытушылардың ғылыми еңбектері 1000-нан асты. Оның 200-ге тартасы оқу құралдары, 80-ге жуық монография, 300-ден астам жинақтар мен сөздіктер және 100-ден астам ғылыми мақалалары жарық көрді.

Жыл сайын факультетте құқықтық саланың өзекті мәселелері бойынша халықаралық және республикалық конференциялар мен олимпиадалық жарыстар да жиі ұйымдастырылады.

Заң факультетінде оқитын студенттердің үздік мақаласы жарияланып тұратын «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы, Заң сериясы» журналы да тұрақты жұмыс істейді.

Заң факультетінде заң клиникасы жұмыс жасайды. Заң клиникасы, ең біріншіден студент-заңгерлерді тәжірбиелік дағдыларға үйретуді қарастыратын оқу бағдарламасы. Алайда оның анағұрлым терең мағынасы бар. Заң клиникасы-халықтың аз қамтамасыз етілген топтарына көмек көрсету, кәсіби қызмет арқылы білім беру мекемесінің құрылымдық бөлімшесі. Заң клиникасы тек қажетті өндірістік тәжірибе ғана емес, сонымен бірге заңгерлерді кәсіби дайындайтын теориялық және тәжірибелік бөлімнің интеграциясын жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда классикалық университеттік білім беру құрылымының ажырамас бөлігі. Заң факультетінің ұжымы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде беделді орынға ие.

                                                                               Г.А Худайбердина