«Дәл қазіргі сәтте бізде төрт жолдама бар (60 келі — Берік Әбдірахманов, 69 келі — Данияр Елеусінов, 91 келі — Василий Левит және 49 келі — Біржан Жақып). Алдағы уақытта Олимпиадаға жолдама үлестіретін үш жарысқа алты салмақ бойынша қатысамыз. Бәсекелестік өте жоғары. Бір салмақтың өзінде үш-төрт боксшы бар. Солардың арасынан әр салмаққа екі боксшыдан таңдап алдық. Аталған боксшылар жолдама үшін болатын жарыстарға қатысады», — деді Айтжанов қазақстандық ақпарат құралдарына берген сұхбатында.
Сонымен «Айтжанов тізіміне» енген боксшылар:
52 келі – Ілияс Сүлейменов пен Олжас Сәттібаев
2015 жылы Бангкокта өткен Азия чемпионатында Сәттібаев алтын алды. Ал Дохадағы Әлем чемпионатында ширек финалда Қытай боксшысынан жеңілді.
56 келі – Қайрат Ералиев пен Мейірболат Тойытов
Соңғы Азия чемпионатында Ерәлиев қола медаль алды. Әлем чемпионатында алғашқы кездесуінде жеңілді.
64 келі – Абылайхан Жүсіпов пен Алмасбек Әлібеков
Бұл салмақта соңғы Әлем чемпионатына ешкім қатыспады. Жүсіпов Венгрияда өткен халықаралық жарыста алтын алды.
75 келі – Жәнібек Әлімханұлы мен Әбілхан Аманқұлов
2015 жылы Азия және Әлем чемпионатында Жәнібек Әлімханұлы жеңіліп, жүлдесіз қалған.
81 келі – Әділбек Ниязымбетов пен Әли Ахметов
Азия чемпионатында Ниязымбетов алтын алды. Ал Әлем чемпионатында өзбек Елшод Расуловтан ширек финалда ұтылды.
+91 келі – Иван Дычко мен Қамшыбек Қоңқабаев
Иван Дычко — соңғы Азия чемпионатының жеңімпазы. Әлем чемпионатында финалда француз Тони Йокадан жеңіліп Олимпиада жолдамасынан қағылған еді.