«Гелендвагеннің» соңғы сериясы шығарылып жатыр

Биыл қыста эксклюзивті Mercedes-Maybach G 650 Landaulet көліктерінің барлығы сатылса, артынша G 500 4×4² көліктері өтіп кеткен.

Бүгінде Гелендвагеннің соңғы сериясы шығарылып жатыр. Олар қазан айының соңына дейін 65 дана болып шығады. Көліктің бағасы әзірге белгісіз. Соңғы шығарылымның құрметіне көліктің моделі Mercedes-AMG — G 65 Final Edition деп аталған.

Жаңа көліктер 6 литрлік V12 қос турбиналы болып шығарылды. Көлік 100 км/сағатты 5,3 секундта алғанымен, максималды жылдамдығы 230 км/сағатпен шектеледі. Аталмыш көлік интерьерімен ерекшеленбек.