Көкшетаулықтар бір мезетте тау басында «Қара жорға» биледі

Қаладағы кәсіпорын жұмысшылары мен студенттер, мектеп оқушылары айналасы 20 минут бойы тау басында «Қара жорға» биін биледі. Кәсіпорын жұмысшылары арнайы жұмыс киімін киіп шықса, шығармашылық ұжымдар ұлттық киіммен биледі.

Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитованың айтуынша, акцияның мақсаты — жастарға эстетикалық тәрбие беріп, хореографиялық шығармашылығын арттыру.

«Акцияның мақсаты — ересектер мен өсіп келе жатқан келешек жастарға эстетикалық тәрбие беріп, хореграфиялық шығармашылығын арттыру. Акция арқылы халықтың «Қара жорға» ұлттық биіне көңілін аудару. Оған қоса, эстрада және халықтық биді насихаттау», деп түсіндірді Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова.

Айта кетейік, аталмыш акция Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр.