Отандық «Пәленшеевтер» телехикаясының екінші маусымы көрсетіледі

Телехикаяда бір отбасының күнделікті өмірі көрсетіледі.

Фильмнің режиссері Төребек Бейсебаевтың айтуынша, сценарийдің әдемі әзілге негізделгенін айтып өтті.

«Әр режиссердің өзіндік қолтаңбасы болуы керек. Сондықтан бұл кішкене басқашалау болады. Бірінші маусымға қарағанда, екінші маусым қызығырақ болатынын сеніммен айта аламын. Фильмнің сценарийі әдемі әзіл мен астарлы қалжыңға негізделген», деді ол.

ҚР Еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова телехикаяның тәрбиелік маңызы зор, көрерменге берері мол екенін айтты.

«Шын жүректен жасап жатырмыз. Бұл – көп адамның адал еңбегі. Сондықтан да болар, ел көңілінен шығады деген ойдамын. Керемет философиялық дүние күтпесек те, демалыста отбасымен көруге болатын, тәрбиелік маңызы да бар телехикая», — деді Лидия Кәденова.

Айта кетейік, телехикаяның екінші маусымы 30 бөлімнен тұрады.

Дереккөз24.kz