Басты бетҚР Премьер-министрі...

ҚР Премьер-министрі қырғыз делагациясымен кездесуді қорытындылады

Кеше Қырғызстан Премьер-министрі Сапар Исаков бастаған ресми делегациямен келіссөздер басталған болатын. Кездесуде екі жақты экономикалық қатынастар талқыланды.

Бақытжан Сағынтаев шекара, көлік, фитосанитария және санитарлық бақылау салалары бойынша мәселелер сарапқа салынғанын айтты. Келіссөздер нәтижесінде екі ел тарапынан бірлескен жұмыс тобы 5 күн ішінде бірлескен жол картасын әзірлеуге уағдаласқанын мәлім етті.