Қызылорда облысында 17 қазанда күндіз жаңбыр күтіледі, кей жерлерде нөсер жауын жаууы мүмкін. Ал 18 қазан жауын-шашынды болады, нөсер жаңбыр жаууы мүмкін (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Жел батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында 18 қазан күні тәулік бойы, 19 қазан күні түнде жауын-шашын күтіледі (жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады). Оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы 18 қазанда күндіз 5-10 градусқа дейін күрт төмендеп, кей жерлерде 15 градус нөлден жоғары болады.
Жамбыл облысында 18 қазанда күндіз, 19 қазан күні түнде жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы 10-15 градус нөлден жоғары, кей жерлерде 7 градусқа дейін төмендейді. Дауыл соғу мүмкіндігі — 90-95%.
