Трамп жалған ақпарат таратқан медианы жабамын деп мәлімдеді

Президенттің ашуы NBC News телеканалындағы ақпараттан кейін туған. Онда президенттің бірер ай бұрын америкалық ядролық арсеналды бірнеше есеге көбейту туралы мәлімдемесінен кейін, мемлекеттік хатшы Тиллерсон Пентагондағы жиналыста оны «қауқарсыз» деп атады-мыс деген.

АҚШ президенті twitter парақшасына бұл ақпаратты «ойдан құрастырылған» деп жазып, ол жалған ақпарат тарататын ақпарат құралдарының лицензиясын қайтарып алу мүмкіндігін де ескерткен.

Құқық қорғаушылар болса, мемлекет басшысының бұл сөздері елдегі сөз бостандығына қауіп төндіреді деп мәлімдеді.

АҚШ президенті бірер күн бұрын сенат комитетіне жалған ақпарат тарататын БАҚ-ты тексеруді ұсынды. Ол сонымен бірге 1987 жылы алынып тасталған, БАҚ-қа саяси мәселеде әртүрлі көзқарасты жеткізуді міндеттейтін ережені қайта қалпына келтіруге ниетті екенін айтқан.