Басты бетҚоғамКүнбағыстың адам...

Күнбағыстың адам денсаулығына қандай пайдасы бар?

Дәрігерлер атеросклероз, бауыр ауруына және өт шығару жолдары ауруларына күнбағыстың пайдасы зор дейді. Ол үшін оны көп мөлшерде пайдаланбаса да болады. Басты талап — күнбағыс дәндері қуырылмаған және қабығынан тазартылмаған болуы керек.

Оның құрамында көп мөлшерде фосфолипидтер шоғырланған және майда еритін дәрумендер мен стиролдар бар. Аталған элементтер адам өмірін ұзартып, денсаулығын нығайтып және адамның жастық қалпын сақтайды.

Сонымен қатар күнбағыстың құрамында жүрек-қан тамырлары жүйесіне қажетті калий, магний бар. Калий мен магний қан тамырларының жұмысын жақсартып қана қоймай, бет терісіне де оң әсер етеді екен.

Шемішкенің құрамында қартаю процесін тежейтін Е дәрумені бар. Ал мырыш шаштың өсуін жақсартады. Бірақ күнбағыс дәнегінде каллория мөлшері өте жоғары. 100 грамм дәнекте еттен 4 есе, наннан 3 есе көп каллория бар екен.

ДереккөзSegodnya.ua