«Оқжетпес» футбол клубы жолдастық кездесу өткізді

Көкшетаудың "Оқжетпес" ФК Қазақстан біріншілігінің 30-шы турында "Тараз" командасымен өтетін ойынға дайындық ретінде жолдастық кездесу өткізді.

Көкшетаулықтар бұл жолы сапарринг əріптес ретінде петропавлдың «Қызыл-Жар СК» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, алдағы шешуші ойынға дайындықтарын пысықтады. Көкшеліктер бұл ойынға дублерлерді де тартты.

Жолдастық деген атауы болмаса, ойын тартысты өтті. Қос команда да жеңіске бастар жолды іздеумен болды. Бірінші таймның соңындағы ұрымтал сəттердің бірінде Игор Юринді шалып жыққаны үшін төреші петропавлдықтардың қақпасына 11 метрлік айып соқысын белгіледі. Осы мүмкіндікті ұтымды пайдаланған команда сұр мергені Əлібек Бөлешов мүлт кетпеді.

Есеп көкшетаулықтардың пайдасына 1:0. Екінші 45 минут та алма-кезек шабуылмен өрбіді. Бірінші минуттағы жағдай қайталанды десе де болады. Тек, бұл жолы айып соққысы оқжетпестіктердің қақпасына қарай бағытталды. Роман Павиничтің шірене тепкен добын «Оқжетпес» қақпашысы Михаил Голубничий қақпаға дарытпады.

Командалар қанша тырысқанымен ойын соңына дейін таблодағы есеп өзгермеді. Жалпы, 1 таймда «Оқжетпес» клубы тарапынан Голубничий, Абдулин, Адырбеков, Гогуа, Юрин, Гошкодеря, Досмағамбетов, Волков, Хорват, Козлов, Бөлешев алаңға шықса, екінші кезеңде Цой, Матвеев, Шафф, Недашковский, Куксин, Дайыров, Лебедев, Батталов, Қуанышбеков, Шиманский алаңнан көрінді.

Еске сала кетейік, қазанның 15-і күні «Оқжетпес» футбол командасы «Таразбен» кездеседі.

Аслан Оспанов