Көкшетауда халықаралық жастар күні аталып өтті

Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығы халықаралық мейрамын атап өтті.

Ағымдағы жылдың 11 тамызында Көкшетау қаласында бiрiншi рет Қопа көлiнiң жағалуында «Open Air» форматында шоуы өткiзiлдi. Аталған шара Халықаралық жастар күнi мен құрылысшылардың кәсiби мерекесiне арналды.

Бiрегей форматта өткiзiлген фестивальды тамашалуға мыңдаған көкшетаулық жиналды. Әртiстердiң жарқын өнер көрсетулерi, сүйiктi әндердi орындаулары сол күнi мыңдаған көкшетаулықтардың көңiл күйлерiн көтердi.

Жүргiзушiлер жастармен әр түрлi конкурстар өткiзiп, облыстың жастар саясаты мәселелерi басқамасының атынан сыйлықтар таратты.

Қала тұрғындарына сыйлық ретiнде танымал қазақ эстрадасының жұлдыздары «АЛАУ», «АЮМИ», «Vox Acapella» топтарының, «ZIRUZA» және Әли Оқаповтың музыкалық композициялары болды.

Атап өтейiк, эстрада жұлдыздарының Open Air фестивалiне келiп өнер көрсетуi аймақтағы құрылысшылар компанияларының кәсiби мерекеге орай қала тұрғындарына жасаған сыйы.

Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығы 2013-ші жылдан бастап жұмыс істей бастады. Негізгі мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жастардың арасында мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру. Қазіргі күні бұл жерде 6 маман еңбек етуде. Олар күнделікті қала жастарының арасында түрлі танымдық шараларды өткізу, және қызықты жобаларды жүзеге асыру бағытында жұмыс істейді.

Қазір Көкшетауда 40 мыңға жуық жас бар. Қалалық жастар ресурстық орталығы олардың 5-6 мыңдайымен жұмыс істейді. Басым бөлігі студенттер. Жалпы, еліміздегі белгіленген норма бойынша 14 жастан 29 жасқа дейінгі азаматтар «жастардың» санатына жатқызылады.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз