Қазақ жеріндегі 3000 жылдық тарихы бар пирамида қалпына келтірілді (фото)

Қарағанды облысының Шет ауданындағы Талды өзенінің бойынан табылған қола дәуіріне тиесілі Сарыарқа пирамидасы қалпына келтірілді. Енді маңайы қоршалып, абаттандырылады. Қазынадан ол үшін 5 миллион теңге қаржы бөлінген. Ескерткіш мемлекет қорғауында.

«Биыл жазда И.А.Кукушкиннің жетекшілігімен экспедиция, ал күзде тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі археолог А.З. Бейсеновтің жетекшілігімен бір топ мамандар Сарыарқа пирамидасы жобасын аяқтады. Елдің туристік картасында ерекше тарихи орын пайда болды!»,- дейді Виктор Новоженов.

Археологтар қазба жұмыстары кезінде осыдан 3200 жыл бұрын өмір сүрген ежелгі адамдардың сүйегін,  қолданған тұрмыстық заттарын тапқан болатын.

Сарыарқа пирамидасы

Қаражартас қорымы, Сарыарқа пирамидасы