Әдебиеттен Нобель сыйлығын британдық Кадзуо Исигуро алды

Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы Жапонияда туған, қазір британиялық Кадзуро Исигуроға берілді.

«Ол — талантты жазушы,-дейді Швед академиясының тұрақты хатшысы Сара Даниус. -Ол роман жазуда өзіндік эстетикасын тапқан адам. Сөздің суреткері».

Сара Даниус Кадзуроның шығармашылығы Джейн Остин мен Франц Кафкаға ұқсайтынын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы аталған сыйлықты Боб Дилан алған еді.