Мен ақын емеспін — Боб Дилан, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының иегері

Мен жаңалықтар көрген кезде әлемді музыка тыңдамайтындар басқаратынын түсінемін.

Бәрі Дилан ешкіммен сөйлесейді дейді. Бұл не сандырақ? Мен сахнаға сөйлесу үшін шықпаймын.

Танымал тұлға болу — өте ауыр жүк. Христосты тым танымал болғаны үшін крестке керіп тастады. Сондықтан мен көлеңкеде болғанды дұрыс санаймын.

Менің ешқашан пайғамбар немесе құтқарушы болғым келмеген. Мүмкін, Элвис болуды қалаған шығармын. Оның орнында өзімді елестете аламын. Бірақ пайғамбар болу — жоқ, ешқашан.

Элвисті тұңғыш рет тыңдаған кезде ешкімге ешқашан жұмыс істемейтінімді, ешкім ешқашан менің бастығым болмайтынын түсіндім. Мен оны естідім де, еркіндікті сезіндім. Қапастан шыққандаймын…

Мен жас емеспін. Әр таңда оянып, бойымда күш барын сезінген сайын Элвисті жуық арада көрмейтінімді ойлаймын.

Менен біреулер «Гитлердің өзін-өзі өлтірген күні есіңізде ме?»,-деп сұрады. Ал менің тіпті балалық шағым да есімде жоқ.

Мен ақын емеспін, себебі маған «ақын» деген сөз ұнамайды. Мені трапециядағы гимнаст деп ойлаңыздар.

Əдебиет аталымы бойынша Нобель сыйлығының биылғы иегері Боб Диланың өлеңі:

Жүрер екем қанша жол тағдыр кешіп əрқилы,
Бір тоқтамға келгенше,
Қанатымның астында қанша теңіз толқиды,
Қара жерді көргенше,
Қанша жарылыстардың оты бізді шарпиды,
Соңғы сарбаз өлгенше?!

Жарығым-ау, бір сөзді қайдан ғана табамын –

Жел əкеткен жауабын.

Қанша ғасыр тұрады мына таулар – тірі аңыз,

Толқын шайса – құла түз,

Қанша ғасыр жылаймыз?
Еркіндікті сұраңыз!
Сұрар болсаң, солардың аяғына құлаңыз!
О, адамдар қашанғы көзімізді жұмамыз –
Көрінбестей кінəміз?!

Əлі қанша шұңқырға мойын созып қараймыз,
Ал аспанды көрер кім?
Есту үшін – бір басқа қанша құлақ жамаймыз,
Зарлы дауысын əлемнің?
Жер бетінен біз əлі қанша өлікті санаймыз,
Келгенінше келер күн?!

Аударған: Ерлан ЖҮНІС

Мен өскен Хоббингте (Миннестон штатындағы қала — авт.), раввин (діни қызметші — авт). болған жоқ. Тек мен 13-ке толғанда ұйымдастырған рәсімде келді. Ол Хоббингке қысты күні әйелімен бірге келді. Әппақ сақалы бар, үнемі қара киініп жүретін. Ол Бруклиндікі еді. Оны қаланың ең шулы аймағындағы рок-н-рол кафеге орналастырды. Мен ол жерден шықпайтынмын. Содан болар, раввинмен өткен әр сабақтан кейін мен төменге түсіп, кафедегі жын-ойнаққа қосылатынмын.

Мен Миннесотаданмын. Бұл жерді  мүлгіген тыныштық басып тұратын. Мен ол жақтан әлемді басқа қырынан көріп, бағындыру үшін қашып кеттім деп өтірік айтпаймын. Ол жерден қашып шыққанда басымда бір ғана ой болды: Миннесотадан шығу және ешқашан оралмау.

Әкем маған ештеңе қалдырған жоқ. Білесіздер ғой, ол өте қарапайым адам болатын. Одан қалғаны — сөздері ғана. Ол маған: «Балам, бұл өмірде жаманатты болу өте оңай. Тіпті ата-анаң да теріс айналып кетуі мүмкін. Сондықтан есіңде болсын: егер сондай жағдайға тап болсаң, сенің түзелетініңе сенетін тек Құдай ғана»,-деді.

Адамдар өздері сенетін нәрсемен сирек айналысады. Олар көбінесе жағдайға орай әрекет етеді де, соңында өкінеді.

Егер сен сенуге болатын адамды әлі іздеп жүрсең, айтайын: өзіңді алдауды қой.

Маған Барак Обама ұнайды. Ол бір кітаптың кейіпкері сияқты, тек шынайы өмірде бар.

Саясаткерлер әрдайым мәселені шешеміз деп, оны көбейтіп жібереді.

Мораль мен саясат бір-бірінен өте алшақта.

Теңдік туралы «былшылды» жек көремін. Адамдарды теңестіретін бір ғана нәрсе бар. Ол — өлім.

Шындығына келгенде мен бірде-бір рет саяси ән жазып көрмеппін. Сондықтан, музыка әлемді құтқармайды.

Өмір бойы тек төрт ән ғана шығардым, бірақ сол төртеуін миллион рет жаздым.

Мені тану үшін әндерімді тыңдау керек. Бастысы — дұрысын таңдау. Мен драматург емеспін, сондықтан кейіпкерлерімнің бәрі — өзім.

Жанкүйрлердің несі жақсы? Олардың қошеметі саған азық емес, түнді де бірге өткізе алмайсың.

Жанкүйерлерімнің  алдында ешқандай жауапкершілік сезінбеймін. Мен тек туындыларымның алдында ғана жауаптымын, ал жанкүйерлерді мен жасамаймын.

Менің қолымнан келетіні — көрермен алдында шынайы болу. Өтірік түр жасап, өзімді Ұлы Күрескер немес Ұлы Көңілдес қылып көрсетпеймін. Мен олардың біріншісі де, екіншісі де емеспін. Ешкімді адастырғым келмейді. Онымен Мэдисон-авенюдағы жарнама агенттіктері айналыссын. Сату — солардың шаруасы.

Ақын болу үшін әрдайым бір нәрсе жазу міндетті емес. Кейбір адамдар өмір бойы жанармай бекетінде жұмыс істеп жүріп-ақ ақын болады.

Өнерде әдемі әйелдер көп деп ойлайтындарға айтайын: өміріңде әдемі әйелдің көп болғанын қаласаң, дәрігер немесе адвокат бол. Ең жақсысы — детектив.

Музыка деген миыңа кіріп алып, шықпайтындай болуы керек. Тіс ауруы сияқты.

Көшеден көзін телефондары мен айпадтан алмай кетіп бара жатқан жастарды көргенде, алаңдаймын. Олар бастарынан аяқтарына дейін түрлі файлдар мен видео ойындарға байланып қалған. Бұл олардың тұлғалық қасиетін жойып, шынайы өмірге бейімделуіне кедергі келтіруде. Әрине, олар еркін, қалағандарын істей алады. Бірақ бұны еркіндікке жатқызуға болса… Қазір еркіндіктің бағасы қымбат. Олар мұны ертерек түсінсе екен.

Мен өзімді заманауи әлемнен алшақпын дей алмаймын. Жай ғана шеткері өмір сүремін.

Сәттілік — таңертең ояну мен кешке ұйықтаудың арасында өзіңе ұнайтын іспен айналысу.

Шабыт жиі келмейді. Сондықтан кездескен жерінде ұстап алуға тырыс.

Үміт пен қорқыныш әрдайым бірге жүреді. Қол ұстасқан комедиялық дуэт сияқты.

Сиыр саууға кіріскен екенсің, сүтті толық сауып алғаныңа сенімді бол.

Бір уақытта ғашық, әрі ақылды болу мүмкін емес.

Мен 80-жылдарда қалып қойған сияқтымын.

Жазып алған: Билл Фланаган

Дереккөзesquire.ru