Басты бетОтандық ауыр...

Отандық ауыр атлеттер спортқа орала ма?

2008-2012 жылдары Олимпиадаға қатысқан  Мая Манеза, Зулфия Чиншанло, Светлана Подобедова мен Илья Ильиннің қанынан допинг табылды деген мәлімет берілген болатын.

Осы оқиғаға байланысты Қазақстан құрамасы АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды.

Айта кетейік, Қазақстанмен қоса «қара тізімге» Түркия, Ресей, Қытай мен Беларусь, Молдова және Әзірбайжан да ілігіп отыр. Олардың да спортшылары күш-қуат беретін дәрі ішкені анықталған.

«Халықаралық ауыр атлетика федерациясында қазір арнайы комиссия құрылған. Ол допинг дауына іліккен елдерді бақылайтын болады. Біз соларға дәрімен күресіп жатқанымызды көрсетіп, спорттан шеттету уақытын қысқартқымыз келіп отыр», — дейді Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының жауапты хатшысы Асхат Бағлан.

ДереккөзKtk.kz