Қазақстанға Honor бренді келеді

Honor бренді осыдан төрт жыл бұрын пайда болған. Алғашында интернет дүкендері арқылы ғана сатылған. 2015 жылы осы брендтің шығаратын өнімдерінің шамамен 40%-ын смартфондар құрады.

Қазан айының ортасында Қазақстанның тек интернет дүкендерінде Honor 9 және Honor 9 Premium смартфондары сатыла бастайды.

Бағасына келер болсақ, 64 GB жадылы Honor 149 990 теңге, ал 128 GB жады бар Honor 9 Premium телефоны 179 990 теңге тұрады.

Huawei Honor 9 смартфоны 5,15-дюймдік дисплеймен және Full HD-мен жарақтандырылған.Процессоры HiSilicon Kirin 960, қосарланған негізгі (20 Мп + 12 Мп) фотокамерасы фазалық және лазерлік автофокус. Алдыңғы камеркасы 8 Мп, ал аккумуляторы 3200 мАч.

Ал қараша айында Honor 8 Standard, Premium және Pro шығады.

ДереккөзNaryk.kz