Есіл аудандық ауруханасы жөндеуден өтті

Сонымен қатар, ғимарат алаңы да абаттандырылуда. Бұл жұмыстар үшін облыс қазынасынан 45 миллион теңге қарастырылған. 82 керуетке арналған ауруханада жылына барлығы  5 мыңнан аса адамға медициналық қызмет көрсетіледі.

Аталған ауруханада барлығы 16 дәрігер, ал жалпы аудан бойынша 44 дәрігер жұмыс істейді. Бірақ, соған қарамастан, ауданда кадр тапшылығы сезілуде. Атап айтар болсақ, педиатр, жалпы тәжірибе дәрігері, эндокринолог сынды мамандар қажет. Сонымен қатар, бірқатар медицина құрал-жабдығы да жаңартуды қажет етіп тұр.

Ақ халатты жандардың айтуларынша, соңғы жылдары әсіресе, жүрек ауруы жиелеп кеткен. Тыныс-алу жолдарының дерті де дендеп тұр. Қазір ауданда аталған аурулардың алдын- алуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да