Көкшетауда «Рухани қазына» жобасы басталды

Аталмыш бағдарлама төл руханиятымызды түлетуге ықпал ететін іргелі жұмыстармен қатар, болашақта атқарылатын маңызды  іс-шараларға да арқау болмақ.

Шара барысында өңірді мекен еткен түрлі этнос өкілдері тарихы тереңнен сыр шертетін мәдени құндылықтарды көрермен қауымға ән-жыр арқылы жеткізіп жатты. Дәл осы жобаның ізімен «Көкшетау» Мәдениет сарайының алаңында  ұйымдастырылған іс-шара кезінде түрлі этнос өкілдері мен өңірдің көркемөнерпаздары көпшілікке би мен жырдан шашу шашты. Алаңдағы көтеріңкі көңіл-күй фестивальдің шырайын аша түскендей.

Болашағымыз бағдарланған, мақсатымыз айқын. Рухани жаңғыру арқылы ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай алатындығымыз сөзсіз. Бәрі уақыттың еншісіндегі дүние.