Басты бетЖаңалықтарБурабай ауданындағы...

Бурабай ауданындағы «Адал ұрпақ» еріктілер клубының 2 мыңнан аса мүшесі бар

Ондағы басты мақсат — балалардың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан тәрбие жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу.

Бүгінде аудан бойынша «Адал ұрпақ» еріктілер клубының екі мыңнан аса мүшесі бар. Олар көбінесе, орта және жоғары буын оқушылары. Балалар арасында дөңгелек үстел отырыстары мен пікірталас ойындары өткізіліп, суреттер мен бейнероликтер байқауы жиі өткізілетін көрінеді.

Бір қуаныштысы, осыдан бір жыл ғана бұрын ашылған №7 мектеп-лицейде бүгінде арнайы тіркеуге алынған мінез-құлқы қиын, тәрбиесі нашар балалар жоқтың қасы. Бұл аталмыш клубтың да ықпалы болар. Өйткені, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырумен қатар, клуб баланың бойында рухани-адамгершілік және патриоттық қасиеттерді сіңірумен айналысады.

Айта кетейік, бүгінде Бурабай ауданындағы мектептерде ұстаздар мен басшылар тарапынан жасалған бірде-бір сыбайлас жемқорлық әрекеті тіркелмеген.