Форум форматы диалог күйiнде өттi. Алғашқы болып облыс әкiмi Мәлік Мырзалин өзiнiң өмiрлiк тәжiрибиесiмен жастармен бөлiстi. Әңгiме барысында аймақ басшысы, алғашқы мемлекеттiк қызметтегi әсерiмен бөлiсiп, оларға мемелкетке қызмет етуде ең бiрiншi талмай еңбектену керек екенiн айтты.
«Бүгiнгi жастардың алға қойған мақсатына жету үшiн елiмiзде барлық мүмкiндiктер қарастырылған. Тек оған ерiнбек еңбектену керек», — дедi ол.
Ал мемлекеттiк қызмет саласының ардагерi М.Кұлмағамбетов жастармен әңгiме барысында мемлекеттiк қызметшiлердiң арасында жыл сайын өтетiн «Үздiк мемлекеттiк қызметшi» сайысында озып шыққан жастарға шет елге курортқа тегiн демалыс билетiн үйлестiру туралы ойын айтты. Өз кезегiнде М. Мырзалин идеяны қолдап, жастарды курорттан гөрi, тәжiрибие алмасуға жiберудi жөн санады.
Сондай-ақ форумда ҚР Мемлекеттiк қызмет агенттiгiнiң аппарат басшысы С.Ахметжанов пен «Жiгер» жас мемлекеттiк қызметшiлер клубының президентi Д.Серғазина сөз сөйледi.
Диалог форматында өткен форумда жастар өздерiн толғандырған сауалдар қойып, оған тұшымды жауап алды. Ал, шара соңында Қарағанды облысынан келген Медет Қараметов, өзiнiң форумға арнаған өлеңiн оқыды.
Форумның екiншi күнi жастар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бурабайдың киелi орындарын аралайтын болады.
