Теледидар көру
Теледидар алдында көп отыру адамның бел, жамбас сүйектеріне зиянын тигізеді. Бұл адам өмірінің ұзақтығына кері ықпал етеді. Сондай-ақ, теледидар алдында көп отыру Альцгеймер ауруына шалдықтырады екен.
Сусынды бөтелкеден ішу
Сусынды бөтелкеден ішу бетте әжімнің көбеюіне әкеп соғады. Сондықтан, сарапшылар стақаннан ішуге кеңес береді.
Физикалық қозғалыстың аздығы
Үнемі қозғалыста болу ағза үшін де, сырт келбет үшін де аса маңызды. Ал қозғалыс пен ауыр жұмыс көп болып кетсе де зиян. Сондықтан қозғалыс пен демалыстың теңдігін ұстау қажет.
Жылыту жүйелері
Үйдегі батареялар мен желдеткіштер тері құрғатып, тез қартаюына жол ашады.
Қант
Қант, күн сәулесі мен темекі түтіні әжімді жылдам түсіреді.
Сабын
Көпшілік сабынды тазалық құралы ретінде жиі пайдаланады. Бірақ терінің өзінің бактерияға қарсы қорғанысы бар. Ал сабын құрамындағы сілті терінің қорғаныс қабатын бұзады.
Жастық
Адамдар көбінесе бір қырымен жататындықтан мойын, жақ тұсына ұйықтағанда әжім түседі.
Диета
Арықтау үшін диета ұстау ағзаға кері әсер етіп, қартаю процесін жылдамдатады.