Динара Сәдуақасова ақтық сында қытайлық шахматшы Гу Джеймен тең ойнаған. Ал екінші тақтада ойнаған Жансая Әбдімәлік қытайлық Джу Вангты жеңді.
Айта кетейік, Қазақстан Азия ойындарында төртінші орында тұр. Қоржында 28 алтын, 28 күміс және 38 қола бар. Алғашқы орында Түркіменстан (89 алтын, 70 күміс, 85 қола), екінші орында Қытай (40, 30, 23), үшінші орында Иран (35, 22, 59) тұр. Қазақстаннан кейінгі орында 24 алтын, 33 күміс, 73 қола алған Өзбекстан құрамасы тұр.