Басты бетҚоғамБаспанa.kz порталы...

Баспанa.kz порталы болашақ үйіңізді «брондауға» көмектеседі

Портал тұрғын үйді бөлу кезінде ашықтықты қамтамасыз етіп, болашақ үйіңізді таңдауға ыңғайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ, портал клиенттер, құрылыс компаниялары мен мемлекеттік органдардың басын қоспақ.

«Біз салымшының мемлекеттік бағдарламаға қатысу барысына талдау жасап, оны барынша оңтайландыруға және автоматтандыруға тырыстық. Порталда салымшылар өздері ұнатқан құрылыс нысанын таңдап, мемлекеттік бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады. Баспананы сату процесі бастан-аяқ ашық әрі әділ өтеді», — дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Бүгінгі таңда банктің 240 мыңға тарта клиенті «ТҮҚЖБ24» интернет-банкингін пайдаланады. Енді интернет-банкинг қолданушылары автоматты түрде Baspana.kz қолданушысы атанады. Порталға кіру кезінде интернет-банкингтің тіркелу мәліметі пайдаланылады.

Банк портал арқылы «Өз үйім» секілді жеке бағдарламалары аясында тұрғын үй сатуды да жоспарлап отыр.

Сайтқа кіру үшін мекен-жайға кириллицамен баспана.kz деп жазу керек. Бұл таяу уақытта baspana.kz доменіне көшіріледі.

ДереккөзBaq,kz