Теңге күн санап құлдырап жатыр

Таңғы саудадан кейін АҚШ ақшасының бағамы 341,19-ды құрады. Қор биржасындағы күндізгі сауда-саттықта ол тағы біраз қымбаттай түсті. Ал, ресми бағам осы екеуінің орташа есебінен шығады. Яғни, соңында 1 доллар 341,27 теңгеге тең болды.

Төл ақшамыз өткен аптаны да дәл осылай әлсіреуден бастаған. Қазір доллар ақша айырбастау орындарында 341-342-ден сатылуда. Ал, Еуропа ақшасы 407-408 теңгеден.

Рубльдің бағамы, тіпті алты теңгеге жуықтап қалды. Бір қуантарлығы, Brent маркалы мұнайдың баррелі бүгін 57 долларға жетті. Яғни, әлемдік нарықтағы қара алтынның құны аз да болса көтеріліп келе жатыр.

Дереккөзktk.kz