Орыс мектептері қазақ тілін жаңа әдістемемен үйренетін болды

Ерлан Сағадиевтің айтуынша, жаңа әдістемеде грамматикаға қарағанда сөйлеу дағдысын арттыру қарастырылған.

«Біз грамматиканы қарапайым зерттеуден бұрын қарым-қатынас дағдыларын кеңінен қолдануға көбірек көңіл бөлеміз. Енді мәтіндерді аудару мен ережелерді жатқа білуден балалардың қазақ тілінде сөйлесуі маңызды болады. Бүгінде 1, 2, 5 және 7-сынып оқушыларына арналған жаңа оқулықтар жоғарыдағы талаптардың аясында әзірленді», ‒ деді министр.