Шетелге оқуға кететін студенттердің көбеюі алаңдатады — Қасым-Жомарт Тоқаев

Парламенттік тыңдау барысында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге білім алуға кетіп жатқан жастар санының күннен-күнге арта түсуі алаңдатарлық жайт екенін айтты.

«Материалдық және моралдық ынталандыруды дұрыс жолға қоймасақ біз білім деңгейін жоғарылата алмаймыз. Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқандардың саны шамамен 11 пайызды құрайды. Өйткені техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандыру деңгейі әлі де төмен. Мектеп оқушыларының 90 пайызы білім алуды жоғары оқу орнында жалғастыруды қалайды. Қазіргі кезде студенттердің үштен бірі ғана мемлекеттік білім тапсырысы негізінде жоғары білім алуда. Қалғандары ақылы негізде оқиды. Олардың саны мемлекеттік тапсырыспен оқитындардан екі есе көп. Мектеп бітірушілердің айтарлықтай тобының шетелдерге оқуға ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Шетелдің жоғары оқу орындарына кетіп жатқан талапкерлер санының күннен- күнге өсуі  бізді алаңдатып отыр », — деді Сенат Төрағасы.

Сондай-ақ, ол төрағасы еліміздегі орта білімнің мазмұны негізінен білім алуды жоғары оқу орнында жалғастыруға бағытталғанын атап өтті.

ДереккөзInform.kz