Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия ойындарын бірінші орынмен аяқтады

Қазақстан жеңіл атлеттері сарапқа салынған 26 медальдің 6 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Командалық есепте қазақстандық жеңіл атлеттер бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға  5 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленген үндістандық жеңіл атлеттер ие болса, үздік үштікті 2  алтын, 3 күміс иеленген Сауд Арабиясы түйңндеді. Жалпы, Азия ойындарында 19 елдің жеңіл атлеттері жүлде алды.

Қазақстанның атынан 14 атлет қатысты.

Ерлер — ядро серпу, сырықпен секіру, биіктікке секіру, 400 метрге жүгіру, 4х400 метрлік эстафета; әйелдер — ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру, 60 метрге жүгіру, 400 метрге жүгіру, 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру және 4х400 метрлік эстафета сайыстары бойынша қатысты.

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова ұзындыққа және үш қарғып секіруден алтын алды.

Сондай-ақ, алтын алғандардың қатарында Иван Иванов (ядро серпу), Сергей Григорьев (сырықпен секіру), Виктория Зябкина (60 метрге жүгіру), Элина Михина (400 метрге жүгіру) бар.

Жалғыз күміс медаль үш қарғып секіруші Мария Овчинникованың еншісінде.

Қола жүлдеге Ольга Сафронова (60 метрге жүгіру), Анастасия Виноградова (60 тосқауылдар арқылы жүгіру), Михаил Литвин ( 400 метрге жүгіру) ие болды.

ДереккөзInform.kz