Басты бетЖаңалықтарОтандық "Қағаз...

Отандық «Қағаз кеме» фильмі көрермендерге күзде көрсетілмек

Ерболат Беделханның айтуынша, фильмдегі негізгі идея — кейіпкерлерден жастар үлгі алатындай образ жасау.

«Хикаядағы оқиға дарынды балалар оқитын мектепте болған. Көрермендер олардың басынан өткен қиындықтарына куә болады. Негізгі идея – жастарымыз үлгі алатындай кейіпкерлер образын жасау»,-дейді ол.

Картинадағы басты кейіпкерлердің образын Ninety One тобының әншілері: Азамат Зенкаев, Данияр Құлымшин, Дулат Мұхаметқалиев, Азамат Ашмақын және Батырхан Мәліков сомдайды.

91 тобы
©Brod.kz

Фильм Juz Entertainment продюсерлік орталығы және «НТК» арнасымен түсірілді.

«Қағаз кеме» фильмі шілде айының соңынан бастап Қырғызстанда, Бішкекте түсірілді. Фильмнің неге өзге мемлекетте түсірілгенін Ерболат Беделхан айтып берді.

«Қазақстанда қажетті объектілерді: заманауи әдемі локацияларды ұзақ іздедік. Алайда, көптеген оқу орындары кеңес заманындағы бейнені сақтап қалған. Хикаямыз XXI ғасырдың балалары туралы болғандықтан, әрине, ең бірінші мақсатымыз заманауи өмірді көрсету болды. Сондықтан, негізгі локация ретінде Орта Азиядағы Америка университетін таңдадық», — дейді ол.

Айта кетейік, «Қағаз кеме» хикаясы көрермендерге биылғы күзде көрсетілмек.

ДереккөзBrod.kz