Х Азия чемпионатында Қазақстан акробаттары чемпион атанды

Алматыда спорттық акробатикадан X Азия чемпионаты аяқталды.

Азия біріншілігі үш жас санатында өткізілді:

  • үлкендер;
  • 11-16 жас аралығындағы жеткіншектер;
  • 12-18 жас аралығындағылар.

Чемпионатқа Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Үндістан, Иран, Солтүстік Корея және Гонконг елдерінің 144 спортшысы қатысты. Бәсеке үш күнге созылды.

Азия чемпионаты Қазақстанда осымен бесінші рет өткізілді.

Жалпыкомандалық есеппен Қазақстан құрамасы бірінші орын иеленсе, Өзбекстан спортшылары екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті Қытай командасы түйіндеді.

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль,және кубоктармен марапатталды.

ДереккөзInform.kz