Головкин — Альварес реваншы қашан өтеді?

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Sky Sports басылымына берген сұхбатында қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль Альварестің реваншы қайда өтуі мүмкін екенін айтты.

«Гена мамырға дейін жекпе-жек өткізуді қалап отыр, егер «Канело» реваншқа келісім беретін болса, оған негіз бар ма, жоқ па ол жағын да қарайтын боламыз. Головкиннің мансабында үзіліс болғанын қаламаймыз, сол себепті реванштық кездесу жақсы болар еді.

Геннадий Головкин реванштың болғанын қалап отыр, себебі бірінші жекпе-жек үлкен дау туғызды. «Канело» мамырға дейін жұдырықтаспайтынын айтты, алайда ол реваншқа келісер ме екен?

Жекпе-жек Невада штатында өтсе де таңғалмаймыз, бірақ төрешілерді тағайындауда сақ боларымыз анық. Бердтің қойған бағасы Головкиннің жұдырықтасуына мүлдем келмейді. Сол себепті ол енді төрелік етпейді. Мен барлығына Вегасты кінәлә алмаймын.

Егер реванш болатын болса, бірінші тізімде Даллас тұруы керек. Madison Square Garden тарапынан бірінші жекпе-жекті сол жерде өткізуге ұсыныс тастаған еді. «Уэмбли» стадионында Кличко мен Джошуаның шайқасын көріп және оларды тамашалауға келген адам саны көңіл қуантады. Мен әрдайым Далластағы AT&T Stadium стадионында да өткізгенді қалаймын, онда біз 100 мың билет сатқан болар едік», — деді Леффлер.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы «Канелоның» пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

ДереккөзVesti.kz