Қала күніне орай Алматының тарихи орталығының үштен бірі жаңартылады

«Қала күні» мерекесі қарсаңында дәстүрлі «АЛМАFest-2017» алма фестивалі, көпмыңдық «Open Air «Gakku даусы», «Алматы Аренадағы» «ЕМА-2017» музыка сыйлығы және басқалары.

15 қыркүйекте сағат 10.00-ден бастап қала тұрғындары мен қонақтары Алматы Мұражайында «Алматы петерборлық суретшілер көзімен» атты көрмені тамашалап, петерборлық суретшілердің туындыларын көре алады. Дәл сол күні сағат 18:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында И.Морилэнд пен Г.Үзенбаевтың фортепианалық дуэт кеші өтеді, ал 19.30-да М. Лермонтов атындағы драма театрында 85-ші мерейлі маусым басталады.

15, 16 қыркүйек күндері сағат 19.00-де Абай атындағы МАТОБ-та классикалық өнерді бағалайтындар үшін әлемдік балет кеші көрермендерін күтеді.16 қыркүйекте заманауи отандық музыка әуесқойлары үшін қазақстандық «Gakku даусы» фестивалі өтеді

Қала күні — 17 қыркүйекте сағат 10-00 де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақта жыл сайын 200 мыңға дейін Алматы тұрғындары мен қонақтарын жинайтын қалалық дәстүрлі «АЛМАFest-2017» алма фестивалі өтеді. Фестиваль маңында 100 тоннадан астам алманың дәмін татып, сатып алуға болады, сонымен қатар ашық аспан астында түрлі спорт, көркем, музыка алаңдары жұмыс істейді, бұларда шеберлік сыныптары, балалар және отбасылық ойындар ұйымдастырылады. Көрме аумағында қолөнершілер келушілерге өздері жасаған зергерлік бұйымдарын ұсынады, сонымен қатар осы жерден қолөнер шеберлерінің аксессуарларын, фурнитураларын алуға болады.

Сондай-ақ, 17 қыркүйек күні сағат 17:00-де «Алматы Аренада» отандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен «ЕМА-2017» Евразиялық музыкалық сыйлығы өтеді.

Қала күніне орай Алматының тарихи орталығының үштен бірін жаңарту жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Қайта жасалған Панфилов, Кабанбай батыр мен Гоголь көшелерінде арық пен жауын жүйелері жаңғыртылды, нысандардың сыртқы келбеті бірыңғай әесм келбетке енді және кіші пішінді архитектурлық формалар, құрғақ фонтандар орнатылып, балалар және спорт алаңдары жасалды.

Жақында ғана Қала күніне орай қайта жасалған «Астана» алаңы, Наурызбай ауданының әкімшілік- іскерлік орталығы, «Open Almaty» қоғамдық қабылдау нысаны ашылған еді.

Сондай-ақ, 17 қыркүйекке дейін жүргіншіге басымдық беретін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Кабанбай батыр көшелерін қайта жасау жұмыстары аяқталады.

Айта кетерлігі, биылғы жылы әр ауданда 472 жаңа аулалар және екіден жүргінші аймақтары пайда болады. Жыл аяғына дейін 102 өтпелі жол ретке келтіріліп, түн мезгілінде оларға жарық беріледі. Қалада 317км су құбырлары мен 265 км кәріз желілерін жүргізу және қайта жасау үшін қаржы бөлінген.

Еске сала кетейік, қала күніне орай Алматыда дәстүрлі шаралармен қатар, жаңа фестивальдер мен концерттер бұған дейін де өткізілді. Мерекелік бағдарлама «Медеу» биік мұз айдынында 19-20 тамызда басталған болатын.

Шара аясында «Медеу» биік мұз айдынына Қытайдың, Түркияның, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның, Индияның және басқа шетелдердің танымал әншілері келді. Олдардың арасында оңтүстік кореялық «U-KISS» К-рор тобы, Индияның әншісі Sanah Moidutty, түрік жұлдызы Murat Boz бар.

Шетелдік әншілермен бірге МузАРТ, Қайрат Нұртас, Айкын, Әли Окапов және басқа қазақтандық орындаушылар да өнер көрсетті. Билеттерді «Kassir.kz» cайтында сатылған болатын. Ал 7 тамыздан бастап «Меломан» желісі мен Республика сарайының кассаларына фестиваль билеттері түсе бастаған еді.

Сондай-ақ бір ай ішінде «Көк-Төбе – Опера» халықаралық музыка фестиваліне барып, ашық аспан астында «Оркестрлер шеруін», «Aлма fest» алма фестивалін тамашалап, «ТойҚазан 2017» атты Қазақстан халықтарының ұлттық ас мәзірлері фестивалінен дәм татып, «Gakku даусы» көпмыңдық Open Air ді қызықтап, «Тұлпар» ұлттық киносыйлығын тапсыруға қатысып, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрының «Базарым тарқамасын» спектаклін және басқаларын көруге болады. «Almaty Sales Festival: Summer 2017» жеңілдік фестивалі аясында қаланың 100-ден астам сауда орталықтары арзан тауарларды ұсынады.

Ал 9 қыркүйекте «Alash Pride» палуандарының жарысы өтті.

10 қыркүйек күні Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында қала күніне арналған велошеру ұйымдастырылды. «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталатын 9 шақырымдық велошеру Тұңғыш Президент саябағында аяқталlы. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар және велосипедтер ойнатылды.

Қала күніне арналған велошеруде алматылықтармен бірге Дәулет Тұрлыxанов – грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері; Санатәлі және Саматәлі Төлтаевтар –  бокстан жастар арасында Азия чемпиондары; Айгүл Дүкенбаева – спорттық акробатикадан Қазақстан ұлттыө құрамасының бас бапкері; Руслан  Либиров – ушудан жазғы Универсиада-2017 ойындарының күміс жүлдегері қатысты.

Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудін он сегізіншісі болып саналады.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

Биыл «Тур Алматы» веложарысы екі күн бойына 28-29 қыркүйекте өтеді әрі халықаралық көпкүндік турлардың ең маңыздысы болып табылады. «Евроспорт» телеарнасы жарысты тікелей трансляциялайды.

Сондай-ақ, «Алматы Аренада» жақын айлар ішінде «ABBA platinum», «А’studio», «Грибы» және басқаларының концерттері өтеді. Республика Сарайында Төреғали Төреәлі, Ваенги, Наргиз Закирова, Павел Воли және басқа қазақ және ресейлік эстрада жұлдыздарының концерттері өтеді. Бұлардан өзге, биыл М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театры мен еліміздің ең көне Алматы зоологиялық паркі өздерінің 80 жылдық мерейлі мерекелерін атап өтеді.