Жобаның басты мақсаты – дарынды жастарға құылысшы мамандығын меңгерту және Қазақстандағы ең ірі отандық құрылыс компаниялардың біріне қызметке орналасу мүмкіндігін беру.
-Күні бүгін республикада білікті жұмысшы мамандарға зәрулік үлкен. Жастардың басым бөлігі жоғары білім алып, кеңседе, жылы жерде жұмыс істегенді қалайды. Ал қолдап жұмыс істеуге құлықсыз. Біз осы олқылықтың орнын толтыруды көздеп отырмыз. Қазір құрылысы саласының келешегі үлкен. Астана мен өзге қалаларда құрылыс қарқыны ерекше жоғары. Статистикаға сүйенсек, 2025 жылға қарай елорда халқы 2 миллион адамға жетпекші. Ендеше бұл тұрғын үй салуға айрықша серпін береді деген сөз – дейді «МЖК-Астана» BI Group Development жастар дивизионының бас директоры Руслан Мергалимов.
Жаңа жобаға қатысушылардың жасы 18 – 25 аралығында болуы тиіс. Қатысуға үміткерлер өзі туралы, не себепті құрылысшы мамандығын меңгергісі келетіні жайлы екі беттен аспайтын қысқаша эссе жазады. Өтініштер [email protected] электронды поштасына қабылданады. Өтініш қабылдау мерзімі 22 тамыз — 22 қыркүйек аралығы. Жоба соңында анықталған он жеңімпаз жұмысқа алынады.
Еске сала кетейік, Батыс Қазақстанда 89 жастар бірлестігі (64-і Оралда, 25-і аудандарда) тіркеуден өтіп, оның ішінде 35 бірлестік күні бүгін белсенді жұмыс істеуде. Биыл әлеуметтік тапсырыс аясында 57 жоба жүзеге асырылуда (28-і жастар саясаты басқармасы арқылы, 29-ы Орал қаласы және аудан әкімдіктері арқылы). Жыл басынан бері 4848 жас жұмысқа орналастырылған (847 адам – қоғамдық жұмысқа, 776 адам – кәсіби оқытуға, 112 адам – «Бизнес – Бастау» жобасына). «Жастар практикасы» шеңберінде 1035 жас еңбекке араласуға мүмкіндік алды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 405 жас маман ауылға жолданып, оларға 194,4 млн. теңге құрайтын көтермеақы төленді. 321 жас маман баспана сатып алу үшін 102,5 млн. теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Сондай-ақ, 841 жас «Жасыл ел» бағдарламасына тартылып, студенттік құрылыс отрядтарының 128 сарбазы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберіндегі құрылыс жұмыстарына ат салысуда.