Қазақстанға Беларусь Премьер-министрі келеді

Премьер-министрдің баспасөз хатшысы Владислав Сычевич 13 тамыз, жексенбі күні Андрей Кобяков Бақытжан Сағынтаевпен кездеседі деп хабарлады.

Кездесуде екі ел ынтымақтастығына байланысты маңызды мәселелер талқыланады. Екі елдің үкімет басшылары MadeinBelarus.Astana көрмесінің ашылу салтанаты мен қазақстандық-белорусьтық бизнес-форумға қатысады.

13 тамыз күні Андрей Кобяков «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында Беларусьтың ұлттық күніне байланысты өтетін салтанатты шарада болады.

14 тамызда, яғни дүйсенбі күні Андрей Кобяков Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады. Кеңестің күн тәртібінде 13 сұрақ талқыланады.

Жиын барысында бірыңғай электроэнергетикалық нарықты құру, үйлескен көлік саясатын жүзеге асыру шаралары да қаралады.

Премьер-министрлер «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі ЕАЭО-ға мүше елдердің павильондарын аралауды да жоспарлап отыр.

ДереккөзInform.kz