Еліміздегі бес жоғары оқу орнының ректорлары ауысады

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаевтың төрағалығымен, сондай-ақ, ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқармасының төрағасы Ерлан Қариннің, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтің, Қазақстанның Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшановтың және басқа да комиссия мүшелерінің қатысуымен өткен отырыста вакантты ректорлық лауазымдарға үміткерлермен сұхбаттар өткізілді.

Оның қорытындысы мен ЖОО дамыту бағдарламаларын талқылау нәтижесінде конкурстық комиссия төмендегі үміткерлерді ректорлық лауазымға ұсынды:

  • Атырау мұнай және газ  университетіне — Әбішев Әли Әжімұлы
  • Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне — Алдамбергенова Гаухар Төремұратқызы
  • Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіне — Ахметов Берік Бақытжанұлы
  • М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне — Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы
  • С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне  — Ахметова Гаухар Ғалымқызы.
ДереккөзInform.kz